Шымкентте Цирк пен Зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді

Шымкент қаласының шалғай елді мекенінде орналасқан мәдениет үйлерінде цирк мекемесі мен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді.

Шымкент, NEGE. Бірлескен ұжымдық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығы мен Шымкент цирк мекемесінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылуда.

Іс-шараға келушілер зоосаябақтың қоян, теңіз шошқасы, кірпі, тотықұс, кептер және қырғауыл сынды жануарлары мен құстарын көріп, цирк әртістерінің өнерін тамашалайды. 

Қойылымдардың күні мен уақыты: 
26 қазан күні, сағат 15:00-де «Жаңаталап» мәдениет үйі
27 қазан күні, сағат 15:00-де «Шапырашты» мәдениет үйі
29 қазан күні, сағат 15:00-де «Сайрам мәдениет» үйі

Аталған шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізіледі.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды