Шымкентте «Tik-Tok» әлеуметтік желісі арқылы заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру фактісі анықталды

Оқиға орнын тексеру барысында «интернет желісі арқылы төрт аккаунтпен «Тринка Шамай» ойынын 1995 ж.т. азаматтың ойнатқаны анықталды.

Алматы, NEGE. Өзінің жауабында ол тікелей эфир арқылы ойнатқан ТикТок аккаунттарды және ақша қаражаттарының түсуімен аударылуын қадағалайтын банк картасын бейтаныс азаматтардан сатып алып, пайда табу мақсатында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын атап көрсетті. 

Қарап-тексеру барысында ұялы байланыс телефондары, карта таратуға арналған аппараттар, ойын карталары, ойыншылардың есімдері көрсетілген тізім айғақты заттар ретінде тәркіленіп алынды. 

Ұялы телефонда орнатылған банк қосымшасына талдау жасау барысында соңғы бір ай ішінде жалпы ақша қаражаттарының айналымы 15 млн теңге болғаны анықталды.

Бұзушылықтың мән-жайы анықталуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.