Шымкентте сусын сақталған қойма өртенді

Шымкент қаласында «Визит» ЖШС-ның аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды ТЖД сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. 2 тамызда сағат 11:07-де Төлеби көшесі бойында орналасқан «Визит» ЖШС-ның аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Ақпаратқа сәйкес, алкогольсіз сусындарды сақтауға және өндіруге арналған жалпы көлемі 2430 ш.м.  қойманың шатыры өртенген.

«Қойманың қабырғалары сэндвич, шатыры темір тордың негізінде профнастил. Сағат 12:20-да аумағы 300 ш.м.  шатыр құлады. Өрттің жалпы көлемі 750 ш.м. Жалынды сөндіруге 21 техника мен 89 қызметкер жұмылдырылды» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді

Президент қазақстандық боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады