Шымкентте стадион құрылысын сапасыз жүргізу дерегі бойынша тергеу амалдары басталды
Шымкентте стадион құрылысын сапасыз жүргізу дерегі бойынша тергеу амалдары басталды, деп хабарлады Шымкент қаласы полиция депаратментінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Полицейлер ҚР ҚК 278 бабы бойынша (сапасы нашар құрылыс) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады полиция.
Еске салсақ, «Ордабасы» және «Ақсу» футбол командалары арасында 21 мамыр күні матч өтіп жатқан кезде стадионның шатыры құлаған еді. Шымкенттегі ТЖД шатырдың құлауын қатты дауылмен түсіндірді.