Шымкентте «SHYMKENT MARATHON 2021» марафоны өтеді

Шымкентте «Shymkent Marathon 2021» атты жылдың ең ірі спорттық іс-шарасы өтеді.

Шымкент, NEGE. Биылғы жарыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып отыр. Дәстүрлі марафон Шымкентте осымен бесінші жыл ұйымдастырылып отыр. 
Үшінші мегаполисте өтетін марафонға қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен әуесқойлар мен спорт сүйер қауым келеді. 

10 қазанда өтетін марафонның жүлде қоры 7 млн теңгені құрайды. 

Қатысушылар қатарына қосылу үшін shymkent-marathon.kz, royalfitness.kz сайты арқылы тіркелуге болады. Аталған спорттық шараны «Royal», «Kasiet» фитнес клубтары, «Evrika» сауда үйі және Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр.

ТІРКЕЛУ АШЫҚ!
СТАРТ – 10 ҚАЗАН!
«Shymkent Marathon 2021»  марафонын жіберіп алмаңыз! Салауатты өмір салтын қалыптастыруда белсенді болуға шақырамыз!
Дәл қазір тіркеліп, Шымкент қаласында өтетін марафонның қатысушысы болыңыз!

Толығырақ ақпарат алу үшін: 7 701 311 4114 Шымкент, Қонаев даңғылы, 83

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады