Шымкентте шығарылатын медициналық құрылғылар көлемі артты

Шымкентте «Қазмедприбор» кәсіпорны өндіріс көлемін ұлғайтып отыр. Компания бүгінгі таңда 5 сала бойынша медициналық құрылғы шығаруда.

Алматы, NEGE. Кәсіпорын өткен жылы індет ушығып тұрған сәтте алғаш боп 130 өкпені жасанды желдету аппаратын шығарып, оны қаладағы 9 ауруханаға жіберіпті. Онда дәл қазіргі таңда медициналық жабдық пен акссесуарлардың 300-ден астам түрін шығаруда.

Шымкентте медициналық жабдық дайындайтын кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтып отыр. Бұл қаладағы эпидахуалдың өршуіне байланысты науқастарға қажет кейбір құрылғылардың тапшылығынан туындап отыр. Кәсіпорын 1 күнде 1000-нан астам медициналық құрал-жабдық жасауға қауқарлы.

Кез келген құрылғы шығарылмастан бұрын ең алдымен 4 кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде арнайы техникамен платасы жасалып, содан соң құрастырылуға жіберіледі екен. Үшінші кезеңде тестілеуден өтіп, соңында 72 сағат сынақтан өтетін болды.

Компанияда ең көп сұраныс өкпені жасанды желдету аппаратына түседі екен. Кәсіпорын өткен жылы індет ушыққанда қаланың 9 ауруханасына 130 аппаратын жеткізіп берген. Бұл құрылғылар адамға ауаның тиісті көлемде жеткізіліп тұрғанын қадағалайды.

Медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді. Бұл аппараттың құны 12 миллион теңге. Қазіргі таңда еліміздің өзге де өңірлерімен қатар, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 50 дана желдеткіш аппаратына тапсырыс түсіп отыр дейді компания басшылығы.

Кәсіпорында 150-ге жуық қызметкерлер жұмыс істейді. Қазіргі таңда өндірістің жергілікті қамтуы 37 пайызды құрап отыр. Кәсіпорынның жалпы шикізат көзі АҚШ және Жапониядан жеткізіледі екен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады