Шымкентте шетелдік азаматтың мәйіті табылды

Шымкент қаласындағы Сайрам-3 ықшам-ауданында кісі өлімі орын алды. Мәйіт салынып жатқан үйдің жертөлесінен табылды.

Алматы, NEGE. Марқұм мен кісі өлтірді деген күдікке ілінген ер адам – Өзбекстан азаматтары. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, құрылыста бес-алты өзбек жұмысшы істеген. Ол жерден ешқайда шықпаған. Бір нұсқа бойынша, марқұм – құрылысшы-гастарбайтер. Пышақ жүрек аймағына тиген. Күдікті оқиға орнында ұсталды. Дәрігерлерде ер адамды құтқара алмады.

«Тексеру барысында жұмысқа келген жәбірленушінің жеке басы анықталды.  Аталған факт ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді», – деді Шымкент ПД бастығының орынбасары Серік Ергешов