Шымкентте полицияның бөлім бастығы мен экс-тергеуші ұсталды

Бірлескен жедел іс-шараларды жүргізу барысында 2 маусымда ҰҚКД мен Шымкент қаласы ПД ӨҚБ-ның қызметкерлері Абай аудандық полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы мен бұрынғы тергеушіні ұстады, деп хабардады Полиция.

Алматы, NEGE. Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласы ПД-нің басшылығы мен басқа да құқық қорғау органдары “погондағы теріс пиғылды адамдарды” анықтау жұмыстарын жалғастыруға ниетті.