Шымкентте өрік гүлдей бастады

Күнгейде күн райы соңғы аптада жылы болып тұр. Бұл туралы astanatv.kz хабарлады.

Шымкент, NEGE. Қыстың қатты әрі ұзақ болуына қарамастан жеміс ағаштары ақпан айының соңында-ақ бүр жара бастаған. Қазір жайқалып, әдемі гүлдерімен айналаға ерекше әсер беріп тұр. Бүгін Шымкентте плюс 23 градус жылы.

Қазгидромет мамандары наурыз айына дейін күн жылы болады деп болжайды. Тек аздап жаңбыр жауатынын ескертеді.