Шымкентте «Ордабасы» мен польшалық «Легия» командаларының жанкүйерлері төбелесіп қалды (видео)

Кеше шымкенттік Ордабасы клубының жанкүйерлері польшалық Легияның жанкүйерлерімен төбелесіп қалды.

Алматы, NEGE. Жанкүйерлер арасындағы төбелес бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

"27 шілдеде Шымкенттегі Қажымұхан атындағы стадионда "Ордабасы" (Шымкент, Қазақстан) және "Легия" (Польша) командалары арасында футболдан жарыс өтті. Ойын басталар алдында сағат 20.30 шамасында командалардың жанкүйерлері арасында ауызша ерегіс болды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен полицейлер дер кезінде әрекет етті. Нәтижесінде жанжал болған жоқ. Бұзақылық әрекеттерге жол берілмеді", - делінген ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. 

Бұл кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Қос команда екінші ойынды 4 тамызда Варшавада өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда өзіне қол салды деген келіншектің өлімін қайта тергейді

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева көпшілік алдына қайта шыға бастады

Астанадағы MEGA Garden маңынан пәтер алу қаншалық тиімді?

Грузияда ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін