Шымкентте оқушыларды вакцинациялау басталды

Шымкентте оқушыларға бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салу басталды. №14 емдеу орталығының мамандары мектептегі егу бекетінде вакцинациялау жұмыстарын жүргізді.

Шымкент, NEGE. Қалада алғашқылардың бірі болып Pfizer вакцинасын 25 мектептің оқушылары салдырды. Екпеден алдын дәрігерлер жасөспірдерді медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егуде.

Мектептерде вакцинациялау жұмыстарын жүргізу үшін 140 егу бекеті ұйымдастырылған. Мұнда профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.

Айта өтсек, Шымкентке Pfizer вакцинасының 46 800 дана мөлшеріндегі алғашқы партиясы жеткізілген болатын. Екпе егілетін тұрғындарға қаланың медициналық ұйымдарында, ал жасөспірімдерге білім беру ұйымдарында ата-анасының немесе оның заңды өкілдерінің ерікті келісімінен кейін жүргізіледі. Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар аумақтық емханаларда вакцина салдыра алады.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды