27 августа 2022 г. 16:57

Шымкентте неке түні мұғалім әйелін ұрып өлтірген күдікті ұсталды

Фото:

Шымкентте адам өліміне күдікті ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  26 маусымда Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-на жедел жәрдем бригадасынан 30 жас шамасындағы әйел кісінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған кезде мәйіт 32 жастағы азаматшанікі екендігі анықталған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыстық іс бойынша 38 жастағы азамат күдікті ретінде танылып, оған қатысты сырттай күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланған.

Тегтер: