Шымкентте мемлекеттік нөмірсіз жүрген жүргізуші ұсталды

Шымкентте мемлекеттік нөмірсіз жүрген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент, NEGE. 15 қазан Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында Қожанов көшесінің бойында мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған Volkswagen маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Аталған жайт бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабымен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Ал автокөлік айыптұраққа жеткізіліп, қойылды.

Сондай-ақ өткен тәулікте атқарылған жұмыс барысында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқарған екі жүргізуші анықталған.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары осы бағыттағы жұмысты белсенді жалғастыруда.
 

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ