Шымкентте мемлекеттік қызметкерлер төбелесіп, бірі ес-түссіз ауруханаға түсті
Шымкентте мемлекеттік қызметкерлер төбелесіп, бірі ес-түссіз ауруханаға түсті. Ер адамдардың арасындағы ерегіс мереке күндері болған сыңайлы, деп хабарлайды otyrar.kz
.
Алматы, NEGE. Демалыс орнының алдында сөзге келген екеудің текетіресі сол жердегі видеокамераға түсіп қалып, кейін ол әлеуметтік желіде тарап кетті.
Белгілі болғандай алдымен жұдырықты экономкалық тергеу департаментінің қызметкері жұмсаған. Бірақ, соңында таяқ жеп, қазір қаладағы №1 ауруханада ес-түссіз жатқанын денсаулық сақтау басқармасы растады.