Шымкентте мектеп оқушыларына тегін тамақтың орнына күніне 458 теңге беріледі

Шымкенттегі жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушылары енді тегін тамақтың орнына күнделікті 458 теңге көлемінде төлем алып отыратын болды, деп хабарлады

Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Алматы, NEGE. Бұл шешім ата-аналардың қолдауына ие болмады. Ата-аналар бөлінген қаражат тамақтың құнын өтеуге жетпейді деп отыр.

Білім басқармасының басшысы болса бұл – жемқорлықты жоюдың жалғыз амалы екенін айтып отыр.

Осыдан он күн бұрын оқушыларға тегін тамақ орнына күніне 458 теңге беріп отыратынын айтқан қаладағы білім басқармасының жаңа қаулысына шымкенттік ата-аналар қарсы. Бірі ақша алатын есепшоты бұғатталып қалғандықтан, аударылған ақшаны алу қиын болатынын айтса, тағы бірі айына берілетін 10 мың теңгеге бала тоймайтынын жеткізді.

"Шымкенттегі прокуратура бар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік бар. Оқушылардың тамағына жауапты көптеген құзырлы органдардың тікелей бірлесе отырып қабылдаған шешім негізінде ашықтық, тазалық, ата-ананың тікелей қадағалау мүмкіндігіне ие болу жолдары есепке алынды. Шымкент бойынша 114 жеке меншік мектеп бар. Онда бастауыш сыныптарда 20 мыңнан аса оқушысы білім алады", – деді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.