Шымкентте «медресе» ұстазы хадис жаттамаған балаларды соққыға жыққан

Әлеуметтік желіде медресе ұстазынан таяқ жеген балалардың видеосы жарияланды.

Алматы, NEGE. Видео авторы Шымкент қаласындағы медреседе кәмелеттік жасқа толмаған балалардың хадис оқымағаны үшін соққыға жығылғанын айтады. 

"Құрметті азаматтар, мекеме басшылары, құқық қорғау органдары мына екі азаматша бізден құқықтық, психологиялық кеңес сұрап келді. Медереседе аят, хадистерді жаттай алмағаны үшін ұрған. Екі кішкентай балалардың денесіндегі жағдайды көріп, таң қалып отырмын", - дейді видео авторы. 

Видеода көргеніміздей, балалардың бірі – 9 жаста, екіншісі – 7 жаста. Айтуларынша, Рүстем есімді ұстаздан дін сабағын оларға үйде оқыған.

Құзырлы органдар аталмыш видеоға қатысты пікір білдірмеді. 

Қазір оқып жатыр

Астанадағы MEGA Garden маңынан пәтер алу қаншалық тиімді?

Грузияда ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен