Шымкентте құтырық ауруының қоздырғышы табылды

Санитарлық

-эпидемиологиялық бақылау департаменті Шымкентте үш айлық күшіктен құтырық ауруы табылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шымкент, NEGE. Бұл биыл жануарлар арасында құтыру ауруы бойынша тіркелген алғашқы жағдай. Ауру иттің басын зерттегеннен кейін анықталды. Күшік үйде асыралған, байлауда болмаған.

"Адамдар арасында құтыру ауруы тіркелген жоқ. Шымкент қаласының ветеринарлық қызметі тексеріс жүргізеді", - деп хабарлады санэпидемиологтар.

Құтыру ошағы туралы ақпарат Шымкент қала әкімдігі ит иесі тұратын Жайлау шағын ауданындағы көшеге шектеу шарасын енгізу туралы қаулы шығарғаннан кейін белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр