ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР КОНДУКТОРСЫЗ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕ БАСТАДЫ

Шымкенттегі «Т-Бас» тасымалдаушы компаниясына тиесілі №18 автобус пилоттық жоба ретінде кондукторсыз қызмет көрсетуде. Демек автобусқа мінген әрбір азамат өзі электронды түрде жолақысын төлейді. Оның бірнеше жолы бар: «Төлем» картасы, sms код және qr код арқылы жолақысын төлей алады.

Шымкент, NEGE. Жоба бойынша маршрут схемасында 7 аялдама бойында 10 ревизорлы бақылаушы мамандар автобустағы жолаушылардың жол ақысын төлеген немесе төлемегенін, егер қолма-қол төлем жасаған жағдайда билет алғандығын тексеріп отырады.

Пилоттық жобаның мақсаты - ашықтықты қамтамасыз ету, жүргізушінің жалақысын көтеру, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету, жолақы төлемін автоматтандыру, жалпы алғанда қоғамдық көліктерде мәдениеттілікті қалыптастыру.

Бұл жүйе әлемде және еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы секілді мегаполистерінде іске асқан.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады