Шымкентте карантин күшейтілді

Шаһардың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қатаң талаптар енгізілді.

Алматы, NEGE. Қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орталықтарының жұмыс кестесі өзгертіледі. Ал сапаржайлар, зообақ, театр мен кинотеатрдың жұмысы мүлде тоқтатылды. Жабық базарлар демалыс күндері жұмыс істемейтін болды. Жұмыс күндері де саудаға шектеу қойылды.

Сонымен қатар банкет залдары мен мектеп асханаларының жұмысы да уақытша тоқтатылды. Карантиндік шаралар аясында ауызашар, жерлеу рәсімдері, тойлар, туған күн мен мерейтойларды өткізуге тыйым салынып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында қолға алынды. Өйткені соңғы уақытта мегаполисте ауру жұқтырғандар саны күрт өскен.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты