Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеп тұрған сауна анықталды

Карантин режимін сақтамай, қызметін жалғастырған сауна анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері мен мобильді топ өкілдері 29 шілде күні Абай ауданы аумағында жүргізген рейдтік іс-шара барысында карантин талаптарын елемеген нысандарды анықтады.

Атап айтсақ, Шымкент қаласы 1 Мамыр көшесі бойында орналасқан “Опушка” саунасын кешкі уақытта карантин режимін бұзып, жұмыс істеп жатқаны анықталды. Оғиға орнында санитарлық талаптар өреске бұзылған.

Сауна әкімшісінен түсініктеме алынып, аталған жайтқа байланысты Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды. 

Қазір оқып жатыр

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді

Президент қазақстандық боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады