8 августа 2023 г. 16:54

Шымкентте каналдан екі бүлдіршіннің мәйіті табылды

Фото:

Шымкентте каналдан ата-анасының қарауынсыз қалған екі сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды Шымкент ТЖД. 

Алматы, NEGE. Қаратау ауданы Геологтар саяжайындағы канал суынан 2 жасар бүлдіршіннің мәйіті табылды. Тереңдігі 50 см, ені 1,5 метр болатын суару каналына түскен тұрғындар 2021 жылы туған баланың денесін судан алып шықты.

Екінші жазатайым оқиға Абай ауданының Алматы тас жолы бойында болған. Көшеден өтіп бара жатқан адамдар қалалық тазарту жүйесінен бір жастағы қыздың мәйітін көріп қалған. Тазарту жүйесінің тереңдігі 40 см, ені 1 метр.

Екі жағдайда да бүлдіршірдер ата-анасының қарауынсыз қалған.

Тегтер: