Шымкентте кәмелетке толмаған 7 қыздың ісі сотта қаралған

Өткен жылы Шымкентте «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бабымен 7 жасөспірім қызға қатысты іс қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған, деп хабарлайды inbusiness.kz

.

Шымкент. NEGE.  Оның екеуі жүкті болып қалған. Сот төрағасы Дәурен Сайхановтың айтуынша, 7 қыздың бірі 16 жаста болған. Онымен төсектес болған 30 жастағы ер азамат 2,5 жылға бас бостандығынан айырылыпты. Ал 15 жастағы тағы бір жасөспірім және онымен жыныстық қарым-қатынаста болған 19-дағы жігіттің ата-аналары өзара келісіп, шаңырақ көтеріпті. Сондықтан оған шартты түрде жаза берілген екен.

Шымкент қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы он екіде бір гүлі ашылмаған қыздардың "абыройынан" айырылуы аңғалдықтың салдарынан дейді. Себебі ер азаматтар оларды алдап-арбап, тіпті сыйлықтар беріп, арбауына түсіреді екен. Бұдан өзге сот төрағасы мұндай жағдайдың алдын алуға отбасындағы тәрбиенің әсері мол екенін алға тартады.

«Бұл үлкен мәселе. Мынау істерді қарап отырмыз, көбінесе қыздар аналарына жақын болмайды-ау деп ойлаймын. Аналары сырласпайды. "Аалданып қалма" деп ақыл-кеңесін айтып отыру отбасында ата-ананың міндеті. Себебі мектеп өз жұмысын атқарып отыр», - деді Дәурен Сайханов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды