Шымкентте ішімдік шығаратын жасырын цех анықталды
Шымкентте 18 түрлі алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаумен айналысатын цехтың жұмысы әшкереленді.
Алматы, NEGE. Тексеру барысында 15 тонна спирт, 67 есепке алу-бақылау маркалары табылған. Мұнан бөлек заңсыз өнім дайындауға арналған құралдар мен 40 мың 625 теңге ақша тәркіленді. Қазіргі таңда күдіктілер анықталып, тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізілуде.