Шымкентте инвестор есебінен «SMART аялдамалар» орнатылады

Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Әл-Фараби ауданында жолаушылар хабы саналатын 10 нүктеге «ноу-хау» аялдамалар салынбақ.

Шымкент, NEGE. Жаңа үлгідегі аялдамалар демеушілер тарапынан пайдалануға беріледі.

Осыған орай аудан әкімі Рашид Мыңбаев инвесторлармен кездесіп, құрылыс жоспарын пысықтады. Басты мақсат қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы жағдай жасау. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аялдамаларға бейнебақылау камералары орнатылады.

Сондай-ақ, жолаушылардың ең басты қажеттіліктері саналатын желдеткіш пен тегін wifi, телефон қуаттағыш құрылғысы, көлік бағыттарын көрсететін жол картасы да қойылады.

Жаңа үлгідегі аялдамалар алдағы айда ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін