Шымкентте індеттен 11 адам айықты

Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 11 адам емделіп, ауруханадан шығарылды. Бұл науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған.

Алматы, NEGE. Қалалық төтенше жағдай штабының мәліметінше, қауіпті вирусты жеңіп шыққандардың жастары 6 мен 74 аралығында. Дәрігерлер оларды емдеу барысында аса бір асқынулар болмағанын айтады. «Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткен. 3 мамыр күні 11 науқас ауруханадан шығарылған. Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 49 науқас дертінен айығып шықты», делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?