17 ноября 2023 г. 11:17
Шымкентте хадис жаттамаған балаларды сабаған молда қызметінен босатылды
Полиция таяқ жеген жеткіншектердің ата-аналары мен діни тәлімгер мәмілеге келгендіктен істі тоқтатқан, деп хабарлайды 31 арна.
Алматы, NEGE. Хадис жаттамаған балаларды көк ала қойдай сабаған шымкенттік молда қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ.
Белгілі болғандай, молда үйінде оқушылардың діни сауатын ашқан. Бірақ ол эмоциясын ұстай алмай, балаларға қол көтерген.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жаға ұстатарлық жағдайдан кейін мешіттің ұстазын қызметінен босатты. Мүфтият өкілдері білектің күшімен жеткіншектерге діни сабақ беретіндерді құптамайтындарын айтты.