Шымкентте екі жаяу жүргіншіні қаққан полиция қызметкері қамауға алынды

3 тамыз күні Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, жол апатын жасады.

Алматы, NEGE. Салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 

7 тамыз күні әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды. 

Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы  3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылғанын хабарлаймыз. 

Қазір ол УҰИ-ға қамалды. 

Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданады.

Айта кетейік, тергеу барысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында.