Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен заңсыз қару тәркіленді
Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен заңсыз қару тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері түрмедегі жазасын өтеуші ер адам бостандықта жүргенде заңсыз атыс қаруын жасырғаны туралы шұғыл ақпарат алды.
Тәртіп сақшылары аталған дерек бойынша жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде теміржол вокзалы маңындағы гараждардың жанында қазылған шұңқыр табылды. Ол жерден қапқа салынған, калибрлі қос ауызды кесілген тегіс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеді. Ер адам, бұған дейін адам өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.