Шымкентте дәрі-дәрмек тапшылығы реттелмей тұр
Шымкенттегі дәріханаларда да дәрі-дәрмек тапшылығы сезіліп отыр. Әрбір дәріхана алдында иін тірескен жұрт. Кей жерлерде дәріхана жанындағы егу бөлмелері жабылып қалған.
Алматы, NEGE. Сала мамандарының айтуынша, қала тұрғындары осы 10 күннің шамасында дәріханалардың жалпы қорындағы 2 айлық дәріні сатып алған. Департамент өкілдері кейбір препараттардың тапшы екенін айтады. Енді мамандар әр дәріханаға бақылау жүргізбек. Бұл үшін қалалық бас санитар дәрігердің арнайы қаулысы дайындалып жатыр.
Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқымбаева. "Қазақстанда дәрілік заттар аз шығарылады. Көбісі шетелден келеді. Қазір кезде вирусқа қарсы препараттар бар, бірақ оның орнына парацетамол сұрап жатыр. Парацетамол жоқ. Бүгін ғана медсервис Қазақстанға алып келді. Қалаға олар 6 мың алып келген. Ол 6 мың не болады? Оны үлкен дәріханалар 1000 данадан алып қойса не болады? Оның өзін Қызылордаға алып кетіпті. Шымкентке жетпей қалып отыр" деді.