16 августа 2022 г. 11:20
Шымкентте бір жасар бала электр тогынан қайтыс болды
Шымкент қаласында электр тогынан соққы алған 2021 жылы туған ұл бала қайтыс болды, деп жазады Otyrar.kz.
Алматы, NEGE. Оқиға Қаратау ауданы Нұртас шағын ауданындағы Құлагер көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде орын алған. Ата-анасының айтуынша, үйде "Әсел" пеші ұзартқыш арқылы тоққа қосылу тұрған. Қасында ойнап жүрген бүлдіршін абайсызда ашық тұрған электрсымды қолымен ұстап қалған. Бала оқиға орнында қайтыс болған. Оқиғаның нақты мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды.