Шымкентте базар қоймасы өртенді

Шымкентте қосалқы бөлшектер сататын базар қоймасы өртенді.

Алматы, NEGE. Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама кезекші бөлімге 1 наурыз күні түнгі сағат 22:52-де түскен. «Абай ауданы, Темірлан тас жолы №26. «Тұлпар-Шымкент» ЖШС-і автобөлшектер базарының аумағында орналасқан қойманың ішінде көлемі 200 шаршы метр автобөлшектер мен аксесуарлар жанды.

Өрт сағат 00:03-те оқшауланды. Бірақ әлі толық сөндірілген жоқ» делінген хабарламада. Кейіннен хабарлағандай, базардан шыққан өрт сағат 01:23-те толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті