Шымкентте «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшаларға бөлінген 45,7 миллион теңге ұрланды

Шымкентте «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшаларға бөлінген 45,7 миллион теңге ұрланды, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. "Мектепке дейінгі мекемелердің басшылары 2019-2021 жылдар аралығында Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың келу табельдеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы    "Балапан" бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі тәрбиені жан басына қаржыландыруға көзделген жалпы сомасы Т45, 7 млн.бюджеттік ақша қаражатын ұрлады деп күдіктелуде", - деп хабарлайды ҚМА.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.