Шымкентте "Балаларға бақыт сыйла" іс-шарасы өтті

Бүгін Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Балаларға бақыт сыйла!" іс-шарасы өтті.

Шымкент , NEGE. Оған әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан 5-12 жас аралығындағы 40 бала қатысты. Игі шараның мақсаты бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау, танымдық өрістерін кеңейту болып табылады.

Экскурсия барысында балаларға «Шымқала» тарихи-мәдени кешені таныстырылып, зообақты аралатты. Ойын алаңшасындағы аттракциондарға ойнатып, арнайы сыйлықтар табысталды. Мұндай іс-шара ертең де жалғасын табады. 

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды