Шымкентте балабақша меңгерушісі 19 миллион теңге жымқырған
Шымкентте балабақша меңгерушісі 19,3 миллион теңгені жымқырған, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Шымкенттегі балабақша меңгерушісі балалардың сабаққа қатысу есебіне жалған мәлімет енгізген.
"Заңсыз әрекет 2019 жылдан 2021 жылға дейін 3 жыл бойы жүргізілді. Ол "Балапан" бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген 19,3 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған", - делінген хабарламада.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті үш балабақша меңгерушісі болып қызмет еткен азаматшаға қатысты соталды тергеуді аяқтады. Ол кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілген, мемлекетке келтірілген 19,3 миллион теңге залал толығымен өтелгені айтылды.