Шымкентте бәйшешек гүлдеді

Күн жылынып, тұрғындардың ауласы мен бақшасында өсімдік бүр жарды.

Алматы, NEGE. Өткен аптада ғана ақ түтек боран соғып, қалың қар астында қалған шаһарда енді бәйшешек жайқалып тұр. Ағаштың тым ерте гүлдегеніне тұрғындар мәз. Синоптиктердің болжауынша, Шымкентте алдағы күндері жауын-шашынсыз ауа райы болады. Сынап бағаны 13 градусқа дейін көтеріледі. Демек, Қызыл кітапқа енген өсімдіктің бүр жарып, жайқалуына күн райы да қолайлы жағдай туғызады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр