Шымкентте аяғы ауыр тоғызыншы сынып оқушысы зорланғанын айтты

Шымкентте аяғы ауыр болып қалған тоғызыншы класс оқушысы зорланғанын айтты, деп хабарлады Otyrar.

Шымкент. NEGE. «Шымкентте аяғы ауыр болып қалған тоғызыншы сынып оқушысы зорланғанын айтты», - делінген бейсенбідегі хабарда. Ақпаратты қалалық білім басқармасы да растады.

«Иә, мен бұл жағдай туралы білемін. Бұл жайтты алғашқы болып мектепте байқаған. Оқушылар мен психолог қыз баланың аяғы ауыр емес пе деп күдіктенген. Бұл күдіктері туралы олар құзырлы органды хабардар еткен. Тексеру амалдары жүріп жатыр», - деп хабарлады Шымкенттегі білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды