Шымкентте 88-театр маусымы ашылды

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында 10-11 қыркүйек күндері сағат 19:00-де 88-театр маусымының ашылуына арналған ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасы өтеді.

Шымкент, NEGE. Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» тарихи драмасы - ықылым заманда ел іргесінің бұзылмауы, шаңырағының шайқалмауы үшін қажыр-қайраты мен парасатын сарқа жұмсаған дана қолбасшының ішкі және сыртқы дұшпандарымен арпалыса отырып, қазақ елін бір тудың астына біріктіруді аңсаған хан Абылайдың арманы жайлы тарихи драма.

Қоюшы режиссері – Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов

Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов

Театрдың көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер Бекболат Құрманғожаев

Бас суретшісі - ҚР мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.

Театр директоры – ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Қарғабаев.

Сонымен қатар театр фойесінде 10-15 қыркүйек аралығында сағат 18.00 де Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, кәсіби «Еңлікгүл», ұлттық «Сахнагер» сыйлықтарының иегері Бақыт Сраиловтың «Кеңістік» атты театр сәндік көрмесі ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

Түркістанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады