Шымкентте 392 жұмыс орны ашылады

Шымкент

қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратовтың айтуынша, қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы биыл да жалғасын табуда

Алматы, NEGE. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратовтың айтуынша, Шымкент қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы биыл да жалғасын табуда.

Басқарманың мәліметінше, жоспарға сәйкес жұмыстар негізгі 2 бағытта (Реконструкциялау бойынша 1 жоба, құрылыс бойынша 12 жоба) барлығы 13 жобаны іске асыруға 15 251,9 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде 392 жұмыс орыны құрылады. 102 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Қазіргі кезде 11 инфрақұрылымдық жобаға мемлекеттік сатып алу рәсімделуде. Бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтау, қызмет алушы азаматтарды бір жерде шоғырландырмау мақсатында «Жұмыспен қамту орталығы» 4 ауданға бөлініп, қызмет көрсетуде. 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды