Шымкентте 385 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Шымкент қаласында 2021 жылы түрлі салаларда 385 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Оларға тартылатын инвестиция құны - 400,8 млрд. теңге. Бұл туралы қала әкімінің алдындағы есепті кездесуінде қәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков мәлім етті.

Шымкент, NEGE.   Оның айтуынша, жобалардың 212-і мемлекеттік жобалар болса, жаңғыртылатын ірі кәсіпорындар бойынша 10 жоба, өнеркәсіп саласында 24 жоба, «Shymkent» ӘКК» АҚ арқылы 59 жоба іске асырылса, білім саласында 13, ал 58 жоба коммерциялық тұрғын үйлер мен ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық саласында жобалар бар.

Сонымен қатар, басқарма басшысы 2021-2025 жылдар аралығында жалпы құны 2,5 трлн. теңгені құрайтын 211 инвестициялық жоба іске асырылып, 14 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылатынын мәлім етті. Оның ішінде, 2021 жылы жалпы құны 155 млрд. теңгені құрайтын 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен 47 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып жатқанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды