Шымкентте 2 мыңнан астам аз қамтылған отбасыға дәрі қобдишалары тегін таратылды

Шымкент қаласында COVID-19 ауруының алдын алу аясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін дәрі-дәрмек қобдишалары 15 шілдеден бастап таратыла бастады.

Шымкент, NEGE. Бүгінгі күнге дейін 2173 атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы дәрі қобдишаларын алды. Жалпы қалада атаулы әлеуметтік көмекті алатын 30 мыңнан астам отбасы бар.

Дәрілік топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық бетперде, қолға арналған антисептик, ибупрофен және парацетамол дәрісі кіреді.Жиынтықтардың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған.

Еліміздегі барлық қалаларға барлығы 145 мың жиынтық тегін таратылады деп жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты