Шымкентте 215 медицина қызметкері коронавирус індетіне шалдыққан 

Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қаладағы түрлі медициналық мекемелерде жұмыс істейді. Олардан қауіпті дерт жаппай скринингтік тестілеу кезінде анықталған. Айта кетейік, Шымкентте коронавируспен ауырған адамдар санының өсуіне байланысты карантин мерзімі 22 маусымға дейін ұзартылды. Шаһардың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы негізінде тұрғындар медициналық бетперде киіп, санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Ал сауда орындары мен базарлар таңертең сағат 6-дан кешкі 7-ге дейін жұмыс істейді. Бір өзгеріс, қоғамдық тамақтану орындарының уақыты түнгі сағат 11- ге дейін ұзартылды. Олар осы уақытқа дейін сағат кешкі 9-ға дейін жұмыс істеп келген болатын. Әзірге ірі сауда үйлеріндегі фуд корт, балалар ойын алаңы мен кинотеатрлар жұмысына шектеу қойылды.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?