Шымкентте 1 миллион құрт пен бауырсақ таратылды

Алғыс айту күніне орай Шымкентте 1 миллион құрт пен бауырсақ таратылды.

Алматы, NEGE. Іс-шара қаладағы халық көп жүретін қоғамдық орындарда ұйымдастырылды. Ыстық бауырсақ пен аппақ құрт арнайы қапшықтармен таратылды.

Сыртындағы «1 наурыз-Алғыс айту күні»-деген жазу да мерекені айшықтап тұрды. Мерекелік сыйлықты сауда – ойын-сауық орталығы мен қалалық саябақтарда, әуежай, темір жол вокзалы, базарлар мен студеттер көп тұратын шағын аудандарда жүрген тұрғындар алды. Этноауыл тарихи кешенінде өткен іс-шараға қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, мерекенің мәні мен маңызының жоғары екендігін жеткізді. Ал, этномәдени орталық өкілдері қазақ халқына алғыстарын айтты.

Ақсақалдар елдің амандығын тілеп бата берді.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды