Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Шымкент қалалық полициясы кішкентай балаға әлімжеттік көрсеткен жасөспірім ұсталғанын хабарлады.

Видеодан скрин/Шымкент полициясы

Астана, NEGE. Бұған дейін желіде жасөспірімнің өзінен бірнеше жасқа кіші баланы тепкілеп жатқан бейнежазбасы тараған еді.

«Бейнежазбада көрсетілгендер көрші тұратын 10-сынып және 5-сынып оқушылары екені анықталды. Оқиғаның барлық қатысушылары ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.

Оқиғаға дейін екі баланың арасында жанжал туындаған. Осыдан кейін 10-сынып оқушысы көршісін көшеде кездестіріп, күш көрсеткен.

Бұл жайт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Астанада 600 бала оқитын мектептен тарихи ғимаратты босатуды талап етіп жатыр