Шымкентте жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Шымкентте жоғалып кеткен 20 жастағы Бәйдібек Ақмырзаұлының денесі табылды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Жас жігіт 2025 жылдың 14-қаңтарында Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкент қаласына жүргізуші куәлігін алуға келген. Кейін сағат 14:37 шамасында досын әуежайдан шығарып салған.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған азаматтың өлімі бойынша полиция қылмыстық іс қозғағандығын мәлімдеді.

– Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр, - делінген ведомство ақпаратында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді