Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім қыздар Алматыдағы хостелдерінің бірінен табылды

Шымкентте бейімдеу орталығынан жоғалып кеткен қыздарды полиция іздеп тапты, деп хабарлайды Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

@police_shymkent

Алматы, NEGE. Жасөспірім қыздар Алматыдан табылды. Шымкенттегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының үш тәрбиеленушісі қаңтардың 14-і күні кешке белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Жоғалғандарды іздеуге полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары көрші аймақтардағы әріптестеріне қыздардың суретін, сыртқы келбеті мен киімдері сипатталған бағыттамаларды жолдады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер бір тәулік ішінде қыздарды Алматы қаласынан аман-есен тапты. Қазір, олар Алматының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Қазір оқып жатыр

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты