Шымкентте жас босанған әйелдер «ана мен бала» дәрі қобдишасын ала алмай келген

Қалалық прокуратура перзентханаларда «ана мен бала» дәрі қобдишасын беру заңдылығына талдау жұмыстарын жүргізді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Перзентханадан шығарар кезде жаңа туған нәрестелерге ана мен баланың дәрі қобдишасы беріледі. 

Талдау нәтижесінде үш мыңға жуық жаңа туған нәрестеге перзентханалардан шығару кезінде қажетті дәрі қобдишасы берілмегені анықталды.

Қадағалау актісі негізінде 2763 нәрестенің аналары дәрі қобдишасымен қамтамасыз етілді, №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауапқа және 5 медицина қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. 

Қазір оқып жатыр

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды