Шымкентте университет ректоры 28,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды aikyn.kz.

college.auezov.edu.kz

Алматы, NEGE. Otyrar.kz мәліметінше, мұндай ақпарат әуелі әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда оқу орнының тағы екі лауазымды тұлғасы мен екі компанияның басшылары қамауға алынғандығы хабарланған.

Экономикалық тергеу департаменті ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

«Қазір тергеу жүргізілуде. Тергеудің құпиялылығына байланысты ақпарат жария етілмейді», - деді Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Санат Құлбаев.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?