Шымкентте туған анасын өлтіріп, өртеп жіберген ер адам ұсталды

Шымкентте әйел адамның өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Өлімге қатысы бар деген күдікпен туған ұлы ұсталды. 

Shutterstock

Алматы, NEGE. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 12 қаңтарға қараған түні жеке тұрғын үй аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнынан зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар әйелдің мәйіті табылды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс отбасылық жанжал салдарынан жасалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада. 

Құқық қорғау органдары «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр