Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Шымкентте TikTok  желісі арқылы алаяқтық схемасын ұйымдастырып, ондаған адамды алдаған ер адамның заңсыз әрекеті әшкереленді.

Видеодан скрин/Ішкі істер министрлігі

Астана, NEGE. ІІМ мәліметінше, ер адам желідегі арнайы ашылған парақшада жүргізуші куәлігін жедел алып беруге көмектесетін жалған қызметтерді жарнамалаған. Клиент тарту үшін сенім ұялататын бейнероликтер мен жарнамалық жазбаларды пайдаланған.

Уәдеге сенген елуге жуық адам көрсетілген шоттарға ақша аударған. Келтірілген жалпы залал 20 миллион теңгеден асқан.

«Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп, оның өзге де қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Полиция өкілдері заңда белгіленген тәртіптен тыс құжаттарды рәсімдеп беруді ұсыну – алаяқтықтың айқын белгісі екенін ескертті. 

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты