Тапа-тал түсте бірнеше скутер ұрлаған үш ер адам ұсталды

Шымкентте тапа-тал түсте скутерлер ұрлаған үш түркістандық азамат ұсталды Полиция скутерлерді иелеріне қайтарды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Ұрлық туралы арыздар Тұран ауданының полиция басқармасына түсті. Арызданушылардың айтуынша, скутерлер көпқабатты үйлердің ауласында тұрған. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларына дереу кірісті.

Бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы күдіктілерді анықтап, қозғалыс бағытын бақылады. Олар Түркістанда қолға түсті.

Ұсталғандардың айтуынша, бөтеннің скутерлерін үйге қайту үшін айдап кеткен. Полицейлер мотокөліктерді тәркілеп, заңды иелеріне қайтарды.

Ұрлық жайттары бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр